+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Еңбек министрлігі ел азаматтарынан Әлеуметтік қамсыздандыру кодексіне ұсыныстар жинайды

2020 жылғы 20 қараша 13:19
Бөлісіңіз:
Еңбек министрлігі ел азаматтарынан Әлеуметтік қамсыздандыру кодексіне ұсыныстар жинайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің тұжырымдамасын әзірлеу үшін азаматтардан ұсыныстар жинауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда мүгедек және асыраушысынан айырылғандарға 300 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

Қазақстандықтар өз ұсыныстарын байланыстың 4 арнасы, яғни электрондық пошта, Facebook тобы, Telegram-канал және WhatsApp мессенджері арқылы жібере алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу және қабылдау арқылы әлеуметтік заңнаманы шоғырландыру жұмысын бастауды тапсырды.

Қазіргі кезде республика азаматтарына әлеуметтік қамсыздандыру шараларының кең спектрі қамтамасыз етілген, олар 17 заңмен және 100-ден астам заңға тәуелді актімен реттеледі. Сонымен бірге, әлеуметтік саладағы төлемдер мөлшерін есептеу үшін әртүрлі көрсеткіштер: айлық есептік көрсеткіш, күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы және басқалары негізге алынады.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы қабылдауды жеңіл ету және оны сапалық тұрғыдан жақсарту мақсатында ол бірыңғай Кодекске біріктіріледі. Оның тұжырымдамасы 2021 жылдың 2-тоқсанында әзірленеді, одан кейін соның негізінде Әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің өзін әзірлеу басталады.

Ел азаматтары өз ұсыныстарын келесі арналар арқылы жібере алады:

- Facebook тобы: https://www.facebook.com/groups/expert2020

- WhatsApp: +7 708 180 35 38, https://wa.me/message/RIAPN2DTW25UP1

- telegram каналы: https://t.me/expertsocial

- электрондық поштасы: expert2020@mail.kz.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT