Еңбек министрлігі базалық зейнетақы мөлшерін көбейтуді ұсынды
2022 жылғы 30 маусым 12:50

Еңбек министрлігі базалық зейнетақы мөлшерін көбейтуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі базалық және ынтымақты зейнетақыны көбейтуді ұсынып отыр. Бұл туралы министр Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір тағайындалатын жиынтық зейнетақы мөлшері алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайып келеді, өйткені еңбек өтілі аз. Осыған байланысты біз қазір өз есептеулерімізбен бірге базалық зейнетақыны көбейту үшін оның параметрлерін өзгерту бойынша ұсыныс енгіздік», - деді Еңбек министрі Мәжілісте тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Тамара Дүйсенованың айтуынша, ынтымақты зейнетақыны да арттыру үшін параметрлерін өзгерту ұсынылып отыр.

«Қолданыстағы заңнама аясында зейнетке ерте шығу мүмкіндігі бар. Қазір зейнетақы аннуитеті мәселелерін қарастырып жатырмыз», - деді министр.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге. Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 48 032 теңге.

Бұған дейін Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету мәселесі жұмыс тобында талқыланып жатқанын айтты.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT