+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Еңбек министрлігі: 42 500 теңге төлемді тағайындауға өтініш қабылдау 17 шілдеден басталады

2020 жылғы 15 шілде 23:16
Бөлісіңіз:
Еңбек министрлігі: 42 500 теңге төлемді тағайындауға өтініш қабылдау 17 шілдеден басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде таратылып жатқан «42 500 теңге» төлеміне өтінім қабылдаудың басталғаны туралы ақпарат жалған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
2,27 млн адамға 21 250 мың теңге төлем берілді - Еңбек министрлігіне 2,25 млн қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды 1,57 млн қазақстандыққа 21 250 мың теңге төлем берілді

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемдерге өтінім қабылдау үшін сайттың іске қосылғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде», делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, біржолғы төлемді тағайындау үшін өтініштерді 17 шілдеден бастап қабылдау жоспарланып отыр.

«Біржолғы төлемді тағайындауды 20 шілдеден бастау жоспарланып отыр. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT