Еңбек министрі: Зейнетақы жинақтарын шешіп алмаймын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақы жинақтарын шешіп алмаймын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тиісті заң қабылданғаннан кейін, зейнетақы жинақтаушы қорындағы қаражатты шешіп аласыз ба?», - деп сұрады тілші Еңбек министрінен.

«Бұл заң қабылданса, 2021 жылдан бастап тиісті мүмкіндік болады. Жеке өз басым зейнетақы жинақтарын шешіп алмаймын. Себебі бұл қаражат өзімнің зейнетақылық қамтамасыз ету бағытында қажет болады. Егер ондағы қажетті соманы шешіп алсам, зейнет жасына жеткен кезде, менде мемлекеттен алатын зейнетақы өте төмен болады. Сондықтан өзімнің зейнетақы жинағыма сенім артып отырмын», - деді Біржан Нұрымбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі « жеткіліктік шегіне « қатысты түсінік берді.

Айта кетейік, зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалану құқығы 2021 жылдан бастап берілетін болады. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу немесе қаржы компанияларына басқаруға беру үшін алынуы мүмкін. Егер мақсатты пайдалануға қажет болса, отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады.


Соңғы жаңалықтар