Еңбек министрі зейнетақы жинағын салымшының ем-домына жұмсаудың тәртібін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын салымшының ем-домына жұмсаудың тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделу төлеміне пайдалану үшін салымшы Денсаулық сақтау басқармалары (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар) жанынан арнайы құрылған комиссияларға жүгінеді. Медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, емделуден өту үшін клиниканы таңдағаннан кейін, салымшы емделуге ақы төлеу үшін төленген зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану жөніндегі өтініммен уәкілетті операторға (ҚР Үкіметі айқындайтын болады) жүгінеді.

Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен медициналық көмек алуға азаматтарды жіберу қағидаларын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындайтын болады.

Бұдан бұрын Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын кімдер алатынын, онда қанша ақша болуы керектігін айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар