Еңбек министрі мүгедектерді оңалтумен мәселесін жеке бақылауына алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылға қарай мүгедектерді техникалық құралдармен қамтамасыз ету 70 пайызға дейін артады. Бұл жайында бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр биыл мамырда 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа ұлттық жоспар қабылданғанын еске салды.

«Біздің бүгінгі басты міндетіміз – бұл барлық деңгейдегі Ұлттық жоспардың шараларын сапалы іске асыру, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету. Олардың өмір сүру сапасын арттыруды, тәуелсіздікке қол жеткізуді, әлеуметтік, кәсіби қабілеттерін сақтауды және өмірдің барлық аспектілеріне қосуды қамтамасыз ету қажет» - деді Біржан Нұрымбетов.

Бұл ретте ол бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілуі мұқтаждардың жалпы саны 421,1 мың мүгедек болғанда, барлығы 34,8 пайызды құрайтынын атап өтті.

«Қамтамасыз етудің ең төмен көрсеткіштері Шымкент қаласында бар-жоғы 13; Солтүстік Қазақстан облысында – шамамен 24; Қарағанды облысында – 26; Қостанай облысында – 28 пайыз. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру деңгейін арттыру, техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету үшін 2020-2022 жылдарға республикалық бюджеттен 58,1 млрд теңге бөлінді. Жергілікті атқарушы органдар оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша бюджет қаражатын тиімді жоспарлауды және игеруді қамтамасыз етуді, оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы бойынша бақылауды күшейтуі қажет. Біз мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына қысым жасауға жол бермеуіміз қажет. Оларды қоғам өміріне толыққанды интеграциялау үшін қажетті құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету міндетін шешуіміз керек. Министрлік осы мәселе бойынша өңірлердің есептерін тұрақты негізде тыңдайтын болады», - деді Нұрымбетов.

Оның атап өтуінше, мүгедектерді қажетті құралдармен қамтамасыз етуді жақсарту үшін бүгінгі күні Әлеуметтік қызметтер порталын кезең-кезеңімен енгізу жүргізіліп жатыр. Ақтөбе қаласында іске асырылған ілкі жобаға 3 медициналық-әлеуметтік мекеме қосылған. Ілкі жоба нәтижесі бойынша портал басқа өңірлерде кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл 2021 жылға қарай техникалық құралдармен қамтамасыз етуді 70%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, министр әсіресе ауылдық жерлерде оңалту орталықтарының жетіспеушілігін атап өтті. Бүгінгі күні 11 өңірде (Атырау, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы қ.) қарттар мен мүгедектерге арналған 25 оңалту орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 14-і мүгедек балаларға арналған.

«6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, БҚО және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары) оңалту орталықтары жоқ. Осы өңірлерде тұратын мүгедектер әлеуметтік оңалтудың тиісті шаралар ала алмайды. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту қызметтерімен қамту, қоғамға әлеуметтендіру мақсатында өңірлерге олардың тікелей тұратын жерлеріне мүмкіндігінше жақын жерлерде мүгедектер үшін қол жетімділігін ескере отырып, оңалту орталықтарын салуды жоспарлау қажет», - деді министр.

Сондай-ақ қолданыстағы оңалту орталықтарын заманауи жабдықпен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.



Соңғы жаңалықтар