+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Еңбек министрі: Мерекеден кейінгі демалыс күндері жұмысқа шығу заңнамаға сай жүргізіледі

2020 жылғы 5 наурыз 18:01
Бөлісіңіз:
Еңбек министрі: Мерекеден кейінгі демалыс күндері жұмысқа шығу заңнамаға сай жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тәртібін жүзеге асыру, көпбалалы отбасыларға табыс көлеміне қарамастан жәрдемақы беру, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында атқарып жатқан кешенді шаралары жайында баяндалды.

Президентке «Еңбек» бағдарламасының іске асырылу барысы, оның ішінде, жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға шағын кредит беру тәртібі, жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша бөлінетін білім гранттары, жастардың жаңа жобалары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, шет елден жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізген тексерулердің қорытындысы жайында айтылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Президентке мемлекеттік қызметшілердің мерекелерден кейін келетін демалыс күндері жұмысқа шығуы Қазақстан заңнамасына қайшы емес екенін және өзгертулер енгізуді талап етпейтінін жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы Еңбек кодексін толық сақтай отырып, кезек күттірмейтін және маңызды міндеттерді орындау үшін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес орындалады. Еңбек кодексі бойынша мемлекеттік қызметшілер жұмысқа өзінің жазбаша келісімімен шығады және олардың бір күндік жұмысының еңбекақысы кемінде 1,5 есе көлемінде төленеді. Мерекелерден кейін келетін демалыс күндері жұмысқа Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да ведомстволардың кезек күттірмейтін және маңызды міндеттерге жауапты қызметкерлері тартылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Біржан Нұрымбетовке атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамтудың нақты шараларын қабылдауды, аз қамтылған отбасылардың табысын арттыруды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар Президент шет елден жұмыс күшін тарту мәселесін ерекше бақылауда ұстау қажеттігін баса айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT