Еңбек министрі көпбалалы аналардың талабына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жақында көпбалалы аналардың қатысуымен өткен кездесуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аналар көтерген ең басты мәселе - ол баспана. Біріншіден, олар кезектен тыс баспана бергенді талап етуде. Екіншіден, бастапқы жарнасыз, несиесіз болғанын алға тартуда. Алайда, бұлай болмайды, барлығы заңды негізде іске асырылуы керек. Бізде қарапайым азаматтар кезекте тұр. Яғни осы адамдарға пәтер бермей, кезекте тұрмаған бұл әйелдерге береміз бе?» - деді Бердібек Сапарбаев Парламент Мәжілісінде тілшілердің сауалына жауап бере отырып.
Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 31 мың көпбалалы отбасы бар.
«Үкімет үш жылдың ішінде оларды пәтермен қамтамасыз ету міндеттемесін өзіне алды. Ал жағдайы өте қиын және баспанасы жоқ әйелдердің мәселесіне тоқталсақ, біз олармен жұмыс істеп, демеушілерді тартып жатырмыз», - деді Б. Сапарбаев.
Сонымен қатар, министр ереуілге шыққан көпбалалы аналардың арасында жұмысқа орналастыруды сұрағандар аз болағынын айтты.
«Өкінішке қарай, жұмысқа орналастыруды сұрағандар аз болды. Бұл өз кезегінде бізді алаңдатып отыр. Егер де олар жұмыс сұраса, онда бұл басқа мәселе. Біз олардың мамандығы болмаса да жұмыс ұсынып жатырмыз. «Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекет есебінен оқыту мүмкіндігі бар. Осы орайда мамандыққа оқытып, кейіннен жұмысқа орналасуға көмектесеміз немесе мемлекет есебінен өтеусіз грант береміз», - деді ведомство басшысы.
- Атырауда көп балалы 26 ана «Алтын» және «Күміс» алқа төсбелгісімен марапатталды
- Рудныйда 50 отбасы баспаналы болды
- Шымкентте әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады
- Түркістан облысында АӘК төлеуде олқылыққа жол берген шенеуніктер жазаланады
-
Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасын бақылау күшейтілетін болды
-
Президент Үкіметтің атаулы әлеуметтік көмекке қатысты есебін тыңдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам