Еңбек министрі Қарағандыда экономист болып «жұмысқа орналаспақ» болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қарағандының халықты жұмыспен қамту орталығында болды. Ведомство басшысын ұйымның әлеуметтік жүйедегі жаңашылдықтарға даярлығы қызықтырды. Министр жеке сынақ жүргізіп, бос вакансияға экономист болып жұмысқа орналаспақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда әлеуметтік мекенжай көмегінің (ӘМК) жаңа үлгісі енгізілуде. Бүгінгі таңда Үкімет халықты жұмыспен қамту орталықтарын реформалауды бастады және барлық халық шоғырланған бөлімшелер бойынша бірыңғай бос жұмыс орындарының онлайн-платформасын құрды. 

Келесі жылдан бастап адамдар  жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік көмектерді алу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына баратын болады. Бүгін ол үшін төрт жерге бару керек. 

«ӘМК тек қана ақшалай төлем емес, ол кедейлік деңгейден шығудың кешенді шарасы», - деді Тамара Дүйсенова. 

Жаңашылдықты енгізу арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтары қолайлы болулары тиіс. «Мен дайындық деңгейін тексеріп көрдім. Жалпы алғанда командағы қатысты, қызметкерлердің құзыретіне байланысты күмән жоқ», - деді министр.

Алайда еңбек министрі Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіровке халықты жұмыспен қамту орталығының 4-ші қабатта орналасуына қатысты ескерту айтты. Бұл мүмкіндігі шектеулі және қарт адамдарға қиындықтар туғызады. Тамара Дүйсенова орталықты бірінші қабатқа ауыстыру туралы өтініш білдірді. Қала әкімі мекемеге жаңа ғимарат берілетінін жеткізді.

Журналистерге берген сұхбатында Тамара Дүйсенова өз сынағы жайлы айтып берді. 

«Маған экономист мамандығы бойынша жұмыс керек екенін айттым. Осы мамандық бойынша 20-ға жуық бос жұмыс орындарын көрсетті, алайда олардың барлығы мемлекеттік кәсіпорындарда. Адамдарды жеке құрылымдар қызықтыратыны түсінікті, себебі ол жерде жалақы көбірек. Біз қазір электрондық жұмыс биржасын шығардық. Бізге бизнеспен көбірек жұмыс жасау керек», - деді министр.

Жұмыс сапарының соңында еңбек министрі қала және аудан әкімдерімен және олардың халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша орынбасарларымен кеңес өткізді. 

Қарағандының халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, облыс орталығында бүгінде 500-ден астам ұйым мен кәсіпорын ұсынып отырған 3 мыңға жуық бос жұмыс орындары тіркелген. Қарағандылықтардың вакансияларды орындарын WhatsApp қосымшасы арқылы көру мүмкіндігі бар. Орталық ақпаратынша, жыл басынан бері аталмыш қызмет түрін 4 мыңнан астам адам қолданып, олардың 700-ден астамы жұмыс тапты.

 

Соңғы жаңалықтар