Еңбек кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

None
None
АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Еңбек кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет. Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еңбек саласында пайда болатын әлеуметтік тәуекелдерді басқарудың заңнамалық негізі - Еңбек кодексі болып табылады. Қазіргі кезде біз оған белгілі бір өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігінің алдында тұрмыз»,-деді министр.

Г. Әбдіхалықованың сөзіне қарағанда, еңбек қатынастарының жүйесін тәжірибелік дамыту, яғни ұжымдық келісімді қатынастар жүйесін кеңейту, еңбекті нормалауды дамыту, сондай-ақ еңбекті қорға мен басқару жүйесін реформалау секілді негізгі бағыттарымен жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар