Еңбек қауіпсіздігі саласын жетілдіру үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құру қажет – Алтай Көлгінов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада өтіп жатқан «KIOSH-2023» Халықаралық конференциясына қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов кәіспорындар өндірістік жазатайым оқиғалардан сабақ алмайтынын мәлімдеп, сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек қауіпсіздігі бойынша іске асырылатын барлық шараларды жүзеге асыру үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құру қажет. Бұл Цифрлық даму және аэроғарыш өнекәсібі министрлігіне жүктеледі. Бүгіннің өзінде еңбек қауіпсіздігі саласындағы цифрлық жүйелер өндіріске енгізіліп жатыр», - деді Алтай Көлгінов.

Мұнымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары өңірлердегі кәіспорындар жазатайым оқиғалардан сабақ алмайтынын айтты.

«Біздің елде көптеген компаниялар жұмыс істейді. Оның ішінде ірі халықаралық кәсіпорындар бар. Олар шетелдік тәжірибеге негіздеп, өндірістегі оқыс оқиғаларды болдырмау үшін жағдай жасап жатыр. Алайда, жазатайым оқиға орын алғанына қарамастан, одан сабақ алмайтындар да бар. Бір қателікті жыл сайын қайталай береді. Еңбек қауіпсіздігі сақталатын кәсіпорындардан үлгі алмайтындар аз емес. Оларда жарақаттану деңгейі жыл сайын өсіп отыр», - деп түйіндеді Алтай Көлгінов.

Алтай Көлгіновтің мәлімдеуінше, жыл сайын еліміздегі кәсіпорындарда 2 мың адам өнеркәсіптік жарақат алып, салдарынан шамамен 200 жұмыскер көз жұмады.


Соңғы жаңалықтар