+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 5 лауазымды адам қызметтен кетті

2020 жылғы 27 мамыр 15:35
Бөлісіңіз:
Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 5 лауазымды адам қызметтен кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы төрт айда еңбек қауіпсіздігі саласында 1299 тексеру жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2020 жылдың 4 айында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында 1299 тексеру жүргізді, олардың барысында 529 ереже бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы кемшіліктерді жою туралы 51 нұсқама шығарылып, 3,2 млн теңге көлемінде 36 әкімшілік айыппұл салынды», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың 230 өтініші қаралды, өндірістегі жазатайым оқиғаларға 342 арнайы тергеу жүргізілді.

«Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына төнген нақты қауіпке байланысты мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін кінәлі 5 лауазымды адамды қызметтен босатты. 1 ұйымның қызметіне тыйым салынды. 263 іс құқық қорғау органдарына жолданды, олар бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласындағы қабылдаған кешенді шаралары өндірістік жарақаттануды азайтудың оң үрдісін сақтауға мүмкіндік берді», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында республиканың кәсіпорындарында 365 жазатайым оқиға тіркелді. Оның салдарында 413 адам жарақат алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT