Еңбек инспекторлары жыл басынан бері 3,8 млрд теңге жалақы берешегін өндіріп берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 16,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 632 кәсіпорнында 17,7 мың жұмыскердің алдында 3,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 675 нұсқама беріліп, 77,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестесі мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 16,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған. Оларға 3,8 млрд теңге төленді.


Соңғы жаңалықтар