USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Еңбек инспекторлары жұмысшылардың ала алмай келген 4,9 млрд теңге жалақысын төлетті

2021 жылғы 9 қараша 10:18
Бөлісіңіз:
Еңбек инспекторлары жұмысшылардың ала алмай келген 4,9 млрд теңге жалақысын төлетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 847 кәсіпорнында 21,9 мың жұмыскердің алдында 5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда алиментін төлемеген борышкердің көлік жүргізу куәлігін пайдалануы уақытша тоқтатылды Эльвира Әзімова: Тергеуге алынған азаматтардың көбі қоғамдық қорғаушылардың көмегін пайдалана алмаған Әзербайжанда заңсыз автотұрақ ұйымдастырғандарға айыппұл салынады

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 118,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,6 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4,9 млрд теңге төленді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT