+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Еңбек инспекторлары 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2020 жылғы 10 қараша 11:03
Бөлісіңіз:
Еңбек инспекторлары 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 983 кәсіпорнында 27,7 мың жұмыскер алдында 3,5 млрд теңге жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 657 нұсқама беріліп, 88,7 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,4 мың тексеру жүргізді. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 5,4 мыңнан астам фактісі анықталып, 157,7 млн теңге сомаға айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT