Еңбек инспекторлары 24,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 891 кәсіпорнында 25,9 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 2,7 млрд теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 511 нұсқама беріліп, 71,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 24,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 2,76 млрд теңге төленді.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2,9 мың тексеру жүргізді. 4,5 мыңнан аса ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 137,9 млн теңге сомаға айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар