Еңбек етуші мигранттардың 3 дәрежесін белгілеу қарастырылып отыр - алқа мәжілісі

None
None
АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еңбек етуші мигранттардың 3 дәрежесін белгілеу қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, онда шетелдік жұмысшылар, маусымдық жұмысшылар және бизнес-иммигранттар категориялары қамтылған. Атап айтқанда, оларға қатысты еңбек ету қызметімен айналысу бойынша қабылдаудың дифференциалданған нормалары қолданылады.

Сонымен бірге жалпы квотамен қатар (қазіргі кездегі қолданыстағы) елдік және салалық квоталар, сондай-ақ басымдықты жобаларға квоталар бекітілетін болады.

Г. Әбдіхалықованың сөзіне қарағанда, ішкі көші-қонды реттейтін тетіктер әзірленіп, іске қосылады. Бұл өз кезегінде бөлек өңірлердің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық дамудың болжамдарымен және бағдарламаларымен келісілмек.

Соңғы жаңалықтар