Еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін төлемдер 5% артады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу жағдайларына берілетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшері артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу жағдайларына берілетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшері 5% арттырылатын болады. Тиісті Қаулыға Үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды.


Құжаттың толық мәтіні

* * *

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен бес пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин


Соңғы жаңалықтар