Еңбек ететін халықтың 40 пайызы шағын және орта бизнесте жұмыс істеп жүр – Президент

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Жыл аяғына дейін жалпы құны 2 трлн теңге болатын 160 жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бұл конкурсты жыл сайын өткізіп, табысқа жеткен кәсіпкерлерге құрмет көрсетеміз. Сондай-ақ әлеуметтік жуапкершілік танытқан, ел өміріне бейжай қарамаған кәсіпорындарды марапаттаймыз. Осы күнге дейін еліміздің 160-тан астам компаниясы «Алтын» сапа» сыйлығының лауреаты атанды. 365 кәсіпорынға «Парыз» сыйлығы табысталды. Мұның бәрі отандық бизнестің қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.

Жалпы 2005 жылдан бері шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 3 есе өсті.

Яғни, ол қазір ел экономикасының 34 пайызына жуықтады. Бүгінде осы салада 3,5 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Бұл еңбек ететін халықтың 40 пайызы деген сөз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, биыл іске асқан жобалардың арқасында 17 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлім етті.

«Былтыр өңдеу өнеркәсібінің көлемі рекордтық көрсеткішке – 20 млрд долларға жетті. Осы жылдың соңына дейін жалпы құны 2 трлн теңге болатын 160 жоба жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде 17 мың жаңа жұмыс орын ашылады», - деді Мемлекет басышсы.


Соңғы жаңалықтар