07.06.2023 22:05 «БерАли» компаниясының бұрынғы қызметкерлеріне жұмыс ұсынылды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «БерАли» компаниясының бұрынғы қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде жиналғандарға жалақы мен еңбек жағдайларын сақтай отырып, «МөлдірМұнайСервис» ЖШС-не ұзақ мерзімге (3 жыл) жұмыс ұсынылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.04.2023 10:52 Алтай Көлгінов: Еңбек шиеленісі бар кәсіпорындар саны 259-дан 109-ға төмендеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Елдегі еңбек даулары бар кәсіпорындарыдң саны 259-дан 109-ға төмендеген. Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.04.2023 17:12 Қазфосфат компаниясындағы еңбек дауы: тараптар келісімге келді АСТАНА. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Жаңатас қаласындағы «Қазфосфат» Қаратау тау-кен комбинатының қызметкерлері басшылыққа еңбекақыны көтеру талабын қойып, наразылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.04.2023 11:21 Наразылыққа шыққан бес жаңаөзендікке ескерту жасалып, босатылды - Бас прокуратура АСТАНА – Елордада наразылық шарасын ұйымдастырған жаңаөзендік жұмысшылардың арасынан бес белсендіге ескерту жасалды. Бұл туралы Бас прокуратураның орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.04.2023 14:10 ҚазМұнайГаз өкілдері жаңаөзендік жұмысшылармен кездесті АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппаратының басшысы Ерхан Омаров бастаған арнайы байланыс тобының мамандары Жаңаөзеннен Астанаға келген жұмысшылармен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11.04.2023 12:45 Алтай Көлгінов жаңаөзендіктер талабы туралы: Біздің міндет – қолда бар бос жұмыс орындарын ұсыну АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет отырысынан кейін жаңаөзендік жұмысшылардың талабы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.04.2023 12:10 Тендерге қатысты мәселе құқықтық алаңда шешілуі керек - Алмасадам Сәтқалиев АСТАНА. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында жаңаөзендік жұмысшылардың «ӨзенМұнайГаз» өткізген тендердің күшін жою» талабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.04.2023 11:45 Энергетика министрлігі жаңаөзендік жұмысшыларға қатысты шешімін жақында жариялайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Энергетика министрлігі Астанаға келіп, ведомство ғимаратының маңайында түнеп шыққан жаңаөзендік жұмысшылардың талаптары бойынша ресми шешім әзірлеп жатыр. Бұл туралы министр Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.04.2023 17:08 Тараптар еңбек дауын жанжалға жеткізбей, уағдаласуды үйренуге міндетті - прокуратура АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында еңбек дауларының алдын алуға және азайтуға бағытталған «Еңбек жанжалдарының бейбіт шешімі» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратура сайтына сілтеме жасап.
01.04.2023 13:17 «Қазақалтын» жұмысшыларын қысқарту: уағдаластыққа қол жеткізілді КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – «Қазақалтын» серіктестігінің бір мыңнан астам қызметкері қысқарту туралы хабарлама алғаннан кейін, Бестөбе кентінде наразылықтар басталды. Кәсіпорын басшылығы жұмысшылармен келіссөздер жүргізіп, уағдаластыққа қол жеткізілді. Келісім кеніш қызметкерлерін де, кент тұрғындарын да қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.02.2023 13:51 ШҚО-да тау-кен өндіру кәсіпорны 182 қызметкеріне 9 айлық қарызын өтеді - прокуратура ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында прокуратураның араласуымен тау-кен өндіру кәсіпорнының 182 қызметкерінің жалақысы төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.02.2023 17:51 Еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлататын заң қолданысқа енді АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлататын заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
11.02.2023 16:51 Теңіз кен орнындағы жұмысшылар бір реттік сыйақыға қатысты түсінік беруді талап етті АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кен орнындағы жұмысшылар бір реттік сыйақыға қатысты түсінік беруді талап етті. Бұл деректі Атырау облысы әкімі мен «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметтері растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.02.2023 13:53 Елімізде жұмысшылардың құқықтарын қосымша қорғауға қатысты жаңа нормалар енгізілді АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 18:23 Айлық кешіккенде жұмысқа шықпау, жалақыны инфляцияға сай индекстеу: Кәсіподақ бірқатар бастама көтерді АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа қоғамдық келісім: Әділетті еңбек қатынастары» атты әлеуметтік әріптестер форумында елдегі еңбек қатынасын жетілдіруге бағытталған бірнеше ұсыны айтылды. ҚазАқпарат сол ұсыныстардың ең маңызды дегендеріне шолу ұсынады.
27.01.2023 16:48 Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік серіктестік туралы заң қабылдауды ұсынды АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Жаңа қоғамдық келісім: Әділетті еңбек қатынастары» атты әлеуметтік әріптестер форумында әлеуметтік серіктестік туралы заң қабылдау ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 16:25 Еңбек заңнамасына айлықты индекстеп отыруды міндеттейтін өзгеріс енгізілуі мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Кәсіподақтар федерациясы еңбек заңнамасына айлықты индекстеп отыруды міндетті етуді ұсынып отыр. Бұл туралы ұйымның төрағасы Сатыбалды Дәулеталин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 15:48 Қай салада жұмысшы өлімі жиі тіркеледі АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин өндірістегі өлім қай салада жиі тіркелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 15:30 Жұмыс берушілер айлық көлемін жұмысшымен келісіп белгілеуі керек – кәсіподақ АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Кәсіподақтар федерациясы Еңбек кодексіндегі еңбекақыны белгілеу тәртібіне өзгеріс енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 15:11 Былтыр елімізде 85 еңбек дауы тіркелген АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр елімізде тіркелген 85 еңбек дауының 41-і оң шешілген. ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин БАҚ өкілдеріне осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.