Еңбек биржасында жұмыс ұсынушылар бір айда 27% төмендеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Электронды еңбек биржасы өткен жылы желтоқсан айында ең жоғары жалақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек министрлігне сілтеме жасап.

Еңбек биржасының мәліметтеріне қарағанда, желтоқсан айында ең көп жалақыны бас директорлар (2,8 млн теңге), тауар жинақтаушылар (2,4 млн теңге), терезе монтаж жасаушыларға (1,8 млн теңге) тағайындалды. Ал жұмыс берушілер тарапынан жоғары жалақы өнеркәсіп саласындағы цех бастықтарына (~832 мың теңге), бас технологтарға (~700 мың теңге), техникалық сала басшыларына (~650 мың теңге) және өнеркәсіптік альпинистерге (~650 мың теңге) ұсынылды.

Жалпы 2022 жылдың желтоқсанында еңбек биржасында 106,1 мың бос жұмыс орны және 36,6 мың түйіндеме орналастырылды. Алдыңғы аймен салыстырғанда сұраныс 16%-ға өсіп, ал ұсыныс 27%-ға төмендеді.


Соңғы жаңалықтар