«Еңбек» бағдарламасына жыл басынан 109,7 мың адам қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 наурыздағы мәлімет бойынша, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 109,7 мың адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«100,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 32,8 мыңы – тұрақты жұмысқа. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 236 адам жіберілді.

Өз ісін ашу үшін 1,2 мың адам мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 68,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 9,7 мың; жастар практикасына – 5,1 мың; қоғамдық жұмыстарға – 53,8 мың адам», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.Сондай-ақ мәлім етілгендей, еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 35 отбасы немесе 97 адам қоныс аударды, оның ішінде 47 адам еңбекке қабілетті жаста. Еңбекке қабілетті 23 адам көшкен жері бойынша тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.

Айта кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.


Соңғы жаңалықтар