«Еңбек» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Еңбек» бағдарламасына биыл өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылы келесі көрсеткіштерге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз, жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін азайту; өнімсіз жұмыспен қамтылғандардың үлесін 15-тен 9 пайызға төмендету«, - деді вице-министр.

Оның айтуынша, осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін және бағдарлама тетіктерін одан әрі жетілдіру, тиімділігін арттыру мақсатында «Еңбек» бағдарламасына жыл аяғына дейін тиісті өзгерістер енгізілмек.

Соңғы жаңалықтар