«Еңбек» бағдарламасына қатысқан 184 мың адам жұмысқа орналасты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы іргелес салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда 255 мың жұмыс орнын, оның ішінде аяқталған жобаларда 15 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған 6,5 мың әлеуметтік маңызы бар жоба іріктеп алынды. Шамамен 5,9 мың жобаның іске асырылуы басталып кетті. Онда 123 мың жұмыс орны құрылған. Жұмыспен қамтудың жол картасы іргелес салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құрудың негізін қалайды», - деді Руслан Дәленов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 262 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болған. Оның ішінде 184 мыңы жұмысқа орналастырылған.

«Көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту және халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5,5 мың шақырым республикалық және 4 мың шақырымдық жергілікті жолдарды салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы жол-құрылыс жұмыстарына 200 мың адам тартылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар