«Еңбек» бағдарламасы: ШҚО-да 18 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Аталған бағдарлама аясында 2019-2020 жылдары аралығында кәсіпкерлерге жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 988 шағын несие берілген.

«Өткен жылы 30 444 адам қамтылды. Оның ішінде: 16,6 мыңы – жұмыссыздар, 6,1 мың адам – өзін өзі жұмыспен қамтығандар, 5,3 мың адам жұмыс іздеп жүргендер және 2,5 мыңы студенттер мен зейнеткерлер. Соның нәтижесінде 18,5 мың адам жұмысқа орналастырылды», - деп хабарлады ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы.

Мемлекеттік гранттардың арқасында бизнес ашқандардың бірі – Глубокое ауданының тұрғыны Виталий Алиев. Бала кезінен машина құрастыруды жақсы көретін ол бүгінде мемлекеттің қолдауымен техникалық қызмет көрсету станциясын ашты.

«Виталий Алиев 2017-2021 «Еңбек» бағдарламасы аясында бизнес негіздеріне оқыту курсынан өтті. 550 мың теңге грант алып қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды. Қазір оның тұрақты клиенттері де бар. Олар көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бағасын жоғары бағалауда. Жас кәсіпкерге үлкен табыс тілейміз», - деді Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова.


Соңғы жаңалықтар