«Еңбек» бағдарламасы: Семейде 50 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлердің 50 жобасына қаржылай қолдау көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Оған әкімдік қызметкерлері, жоғары оқу орындарының өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер мен жастар қатысты.

«Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті дамыту шаһар экономикасын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Бүгінде Семейде 22 597 кәсіпкер бар. Шағын және орта бизнесті дамыту нәтижесінде, 1649 жаңа жұмыс орын ашылды. Осы ретте «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері 545 жобаға қолдау көрсетіліп, оның 385-і субсидияланды. Субсидия соммасы – 576,4 млн теңге», - деді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Әзімхан Арин.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан бері 50 жобаға қолдау көрсетілген.


Соңғы жаңалықтар