+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

«Еңбек» бағдарламасы: Гранттар сомасы 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін

2020 жылғы 22 ақпан 11:22
Бөлісіңіз:
«Еңбек» бағдарламасы: Гранттар сомасы 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Еңбек» бағдарламасы аясында берілетін гранттар сомасы 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Маминнің атап өтуінше, ел Үкіметі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілетін гранттардың сомасын 1 млн теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастырып жатыр.

«Қазіргі уақытта оның атаулылығын қамтамасыз ету және қажеттілікті айқындау үшін мұндай гранттарға үміткерлер тұлғалардың нақты санаттарын белгілеу бойынша мәселе қарастырылып жатыр. Бұл ретте 2020-2021 жылдарға арналған бюджеттің қалыптастырылып қойғанын ескере отырып, қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесі мемлекеттік гранттарды төлеуге арналған өңірлердің қажеттілігін ескеру арқылы республикалық бюджетті нақтылау барысында қарастырылады», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке (505 мың теңге) дейінгі мөлшерде беріледі. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT