«Еңбек» бағдарламасы аясында өңірлер өздеріне қажетті мамандарды оқытуға жіті назар аудармай отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлер өздеріне қажетті мамандарды оқытуға жіті назар аудармай отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қысқа мерзімді оқытуға байланысты айтсақ, 815 оқу орталығы жұмыс істеп жатыр. Оның 346-сы кәсіпорындардың жанында. 63 200 адам қазір оқудан өтіп, биылғы жоспарды 77 пайызға орындадық. 68,3 пайызы жұмысқа орналасқан. 2 500-ден грант таратылды. Қысқа мерзімді оқудан 4325 адамнан сауалнама жүргіздік, 97 пайызы бағдарлама деңгейіне риза», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бағдарлама арқылы халықтың көбі кондитер, тракторшы, есепші, визажист сияқты заман сұранысына қажетті кәсіптерді игерген. Бірақ олар 21 мың стипендияны көтеріп, оқу мерзімін ұзартуды сұрап отыр.

«Өздеріңіз білесіздер, »Атамекен« екі-үш жылдан бері нарыққа керек мамандықтардың тізімі жасап келеді. 34 мың компания арасында сауалнама жүргіздік. Олар биыл 33 мың, келесі жылға 30 мыңнан астам, 2021 жылға 29 мыңнан вакансия беріп отыр», - деді басқарма төрағасының орынбасары.

Дегенмен оның айтуынша, өңірлерде қажетті мамандық пен оқытылып жатқан мамандықтардың арасында теңгерімсіздік бар. Мәселен, Ақтөбе облысына 300 тракторшы керек болса, оқыту орталықтары дайындайтын мамандарды саны небәрі 53 қана. Ал өңірге 231 аспазшы қажет болса, өңірдегі орталықтар 425 маман дайындап шығармақ.

Айта кетейік, 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында кәсіптік біліммен қамту, қысқа мерзімді курстар арқылы жұмыссыз азаматтардың кәсіби біліктілігі мен дағдыларын арттыру қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар