«Еңбек» бағдарламасы аясында 21 мың атыраулық жұмыспен қамтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Атырау облысында 21 461 адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғындарымызды жұмыспен қамту біздің басты мақсатымыз. Жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 461 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 1 706 адам жұмысшы мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқуға жіберілді. 342 адам бизнес жобаларын ашуға 1 млрд 858 млн теңге көлемінде несие алды. 664 адамға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілді. Осылайша барлығы 17 476 адам жұмыспен қамтылды. Олардың 10 мыңы - тұрақты жұмыс орны», - деді өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Махамбет Досмұхамбетовтің дерегінше, «Жұмыспен қамту» жол картасының жүзеге асырылуының арқасында облыста 7 168 жұмыс орны ашылды.

«Бағдарлама аясында 64 жобаны жүзеге асыруға 33,7 млрд теңге бөлінді. Қазіргі кезде олардың 12-сі аяқталды», - деді Атырау облысының әкімі.


Соңғы жаңалықтар