«Еңбек» бағдарламасы: Атырау облысында 24 509 адам жұмысқа орналасты
2021 жылғы 14 желтоқсан 04:00

«Еңбек» бағдарламасы: Атырау облысында 24 509 адам жұмысқа орналасты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау облысында «Еңбек» бағдарламасы 24 509 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің мәліметінше, аталған бағдарламаның үшінші бағытымен 20 581 адамды жұмысқа тарту көзделген.

«Қазір облыста 24 509 адам жұмыспен қамтылып отыр. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 16 738 адам, уақытша жұмыстарға 7 771 адам орналастырылды. Осы кезге дейін 1 507 адам қысқа мерзімді оқу курстарына жіберілді. Кәсіби біліктілігін арттырған 620 адам жұмысқа орналасты. Тағы 110 адам мемлекеттік грант алып, кәсібін ашты. Ал, «Бастау-Бизнес» жобасымен 422 адамға несие мен грант берілді», -дейді Азамат Мәмбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыра облысында «Еңбек» бағдарламасымен 24 348 адам жұмыспен қамтылғанын хабарлаған едік.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT