+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

«Еңбек» бағдарламасы: 400 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа тұрды

2021 жылғы 25 қазан 10:33
Бөлісіңіз:
«Еңбек» бағдарламасы: 400 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа тұрды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 9 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 528 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысында 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылды Индустрия министрі: Өңдеу өнеркәсібінде 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылады Министр Атамқұлов тұрғын үй бағасына болжамын айтты

1 қазандағы жағдай бойынша 528 мыңнан астам адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты.

377,3 мың адам жұмысқа орналасты, оның 252,9 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 16,4 мың адам, ТжКБ бойынша оқуға 14,4 мың адам жіберілді.

6,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредит, ал 22,2 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 165,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 17,4 мың адам; жастар практикасына – 24,3 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 123,7 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 632 отбасы немесе 5 532 адам қоныс аударды, оның ішінде 2 351 адам - еңбекке қабілетті жаста.

Оның ішінде 1 679 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 119 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 9 адам оқуға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты.

437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды.

Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.

Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT