+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады

2020 жылғы 12 ақпан 12:15
Бөлісіңіз:
Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептелінеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыл әрекет ету штабының кеңесін өткізді Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Наурыз мерекесіне арналған шаралар мен әскери парад өтпейтін болды

«Еріктілерге жан-жақты қолдау көрсету керек. Менің тапсырмам бойынша оларға арнайы жеңілдіктер ұсынылады. Мысалы, енді волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептелінеді», - деді Мемлекет басшысы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті волонтер студенттерге қосымша шәкіртақы берілетіндігін немесе пән кредиттерін жабуға рұқсат етілетіндігін айтты.

«Осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға да қаржылай көмек беріледі. Осыған орай әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді. Әр гранттың құны 300 мың теңге көлемінде болмақ. Одан бөлек, әкімдерге жергілікті бюджеттен қосымша гранттар бөлуді тапсырдым. Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT