+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ең жас экобелсенді: Ешкім суды тиімді пайдаланып жатқан жоқ

2020 жылғы 11 шілде 15:44
Бөлісіңіз:
Ең жас экобелсенді: Ешкім суды тиімді пайдаланып жатқан жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бала жастан экологиялық тәрбиені бойға сіңіру қажет. Еліміздегі ең жас экобелсенділердің бірі Аружан Сахариянова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі экологиялық мәселені жолға қоюдың маңызы туралы бастамасына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі Қазақстанда ауаны ластаушы негізгі факторлар - күкіртсутек, шаң және қара күйе Павлодар облысында ақбөкендер саны 8 мыңнан асты

«Меніңше, көптеген балада экология туралы ұғым қалыптаспаған, экологиялық жағдайды қалай түзетуге болатыны, пластиктің қоршаған ортаға тигізер зияны туралы білмейді», - дейді ол.

Аружан елордадағы жоғары сынып оқушысы. Бірнеше жылдан бері өз қатарластары мен ересектердің арасында минимализм идеясын және батыс елдерінде танымал Zeri waste ағымын насихаттап жүр. Ол «нөл қалдық» деген мағына береді, яғни бұл әрбіріміз шығаратын қоқыс көлемін азайту деген сөз. Оның өзі бұл жолда өзгелерге үлгі көрсетуде. Қазақстандық мектеп оқушысын тіпті батыс елдерінде үкіметтің алдында экология проблемасын белсенді түрде көтеріп жүрген 16 жастағы шведтік Грета Тунбергпен салыстырады.

«Мен көптеген жасөспірімнің өз құрбыларын экология мәселесіне оқыту жөніндегі жобаларды қолға ала бастағанын байқадым. Мектептегі бұл пән басқаларға да ой салып, іс-әрекетті өзінен бастауға, өз өмірін «eco-friendly«, яғни эко-ниетті етуге ынталандырады. Қалдықтар мәселесіне келсек, Қазақстандағы полигондарда олар тау боп үйіліп жатыр. Өйткені халық бұл мәселеге селқос қарайды. Егер біз қалдықтарды қалай дұрыс өңдеу керектігін, мәселен, қала сыртына шыққанда, табиғатпен қарым-қатынас мәдениетін біртіндеп үйрететін болсақ, онда қалдықтар азайған болар еді. Жұртшылық бұл іске белсене қатысып, қоршаған ортаға аялы көзқараспен қарауды өзінен бастауы керек», - дейді Аружан Сахариянова .

Ол түрлі салада суды үнемді пайдаланып жатқан ешкім жоқ деген пікірде.

«Өңірлердің барлығы бірдей таза ауызсумен қамтылмаған. Біз индустриялық процестердің адам денсаулығына әсері бар екенін ойлауға тиіспіз. Экология бағдарламасын, сонымен қатар, табиғи ресурстарды, оның ішінде суды тиімді әрі үнемді пайдаланудың маңыздылығы туралы ақпаратпен толықтырып, балаларға өзіміз үлгі көрсеткеніміз жөн деген ойдамын», - дейді Аружан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT