Ең жас аналар Түркістан облысында тұрады – ұлттық комиссия

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстанда некеге тұру жасы ерлерде - 27,9, әйелдерде 24,8 жас екенін мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның жазуынша, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары некеге тұру жасының ұлғаюына қатысты трендтің бар екенін растаған.

«Еліміздегі әйелдер тұңғыш баласын орта есеппен 25,2 жасында дүниеге әкеледі. Түркістан облысындағы ең жас аналар - 22,5 жаста. Екінші орынды Шымкент қаласы (23,9 жыл), үшінші орынды Жамбыл облысы (24 жыл) иеленеді. Тұңғышын ең кеш босанатын аналар - ірі қалалардың тұрғындары. Алматыда туудың орташа жасы - 28, елордада - 27 жас», - дейді ұлттық комиссиядан.

Қазақстандық «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институтының дерегінше, қазіргі уақытта жастық кезең мен әлеуметтік нормалар туралы дәстүрлі түсініктер өзгеріп жатыр. Бұл қоғамдағы репродуктивті қатынастарға әсер етеді – бірінші баласын босанған ананың жасы біртіндеп ұлғайып келеді. Бұл үрдіс тек қазақстандық қоғамда емес, бүкіл әлемде байқалады.

«Мысалы, Нидерланды, Италия, Испания, Португалия, Греция сияқты елдерде әйелдер тек 30 жастан кейін туады; Канадада, Германияда, Францияда, Норвегияда, Финляндияда, Швецияда - 29 жастан кейін. Бұл деректерді Еуропалық экономикалық комиссия таратқан», - деп толықтырылған хабарлама.


Соңғы жаңалықтар