USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Ең төменгі жалақының ұлғаюы қанша адамның табысына әсер етеді

2021 жылғы 23 қараша 11:05
Бөлісіңіз:
Ең төменгі жалақының ұлғаюы қанша адамның табысына  әсер етеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ең төменгі жалақының ұлғаюы экономиканың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,6 млн адам кірісінің өсуін қамтамасыз етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жастар тәжірибесіне қатысушылардың жалақысы қаншалықты өсті Атыраудағы университет ұжымы «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақысын аударды Алдағы бес жыл депутаттар мен әкімдердің жалақысы өспейді - Президент

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ мөлшері ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. Осылайша, ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі 41%-ды құрайды. Еңбек кодексіне сәйке,с жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл шара барлық саладағы әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,6 млн адамның ақшалай табысының өсуіне алып келеді», - делінген министрлік мәліметінде.

Бірінші кезекте ЕТЖ көтерілуі «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер, қызметкерлердің басқа да санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

«Бұдан басқа, Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің жалақы деңгейін арттыру жөнінде дәйекті шаралар қабылдауда. Мәселен, 2020 жылдан бастап педагогтардың жалақысы кезең-кезеңімен артып, 2023 жылға қарай ол 2 есеге артады. 2021 жылы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды, нәтижесінде 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады. 2022 жылдан бастап мұндай жоғарылау әсер етпеген санаттардың жалақысы ұлғаяды. Олар – мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер және басқалары, яғни шамамен 588 мың адам. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр», - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Жалпы 1,2 миллионға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы жоғарылайды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысында халықтың атаулы табысы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға, инфляцияны ескергенде – 6%-ға өсті. 2021 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 243 667 теңгеге жетіп, өткен жылдың үшінші тоқсанынан 19% артық деңгейді көрсетті. Бұл ретте инфляцияны ескере отырып, нақты мәнде жалақының өсуі 9,8%-ды құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткішті 5%-ға индексациялау жоспарланып отыр. Нәтижесінде, ЕТК мөлшері 36 018 теңгені, ал АЕК – 3 063 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, 2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге көзделіп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT