Ең төменгі жалақы қашан көтеріледі – Үкімет жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
««Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес ең төменгі жалақы еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттардың бірі болып табылады. Ол Еңбек кодексінің 104-бабына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен жыл сайын белгіленеді және ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының төменгі мөлшері 1,5 есеге (28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін) арттырылды, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қосымша 259 млрд теңге бөлінді және тұтастай алғанда халықтың орташа жалақы мөлшеріне оң әсерін тигізді», - деді Үкімет басшысы.
Оның атап өтуінше, жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленеді. Оның аясында еңбекақының төменгі мөлшерін арттырудың негізгі тәсілдері мен тетіктері зерделеніп, ең төменгі жалақыны белгілеу әдістемесі жетілдіріледі.
«Жалақының төменгі мөлшерін арттыру республикалық бюджеттен қосымша шығыстарды талап етеді. Осыған байланысты бұл мәселе елдегі экономикалық жағдайға және мемлекеттік бюджеттің нақты мүмкіндіктеріне қарай қаралатын болады. Қазіргі уақытта Үкімет елдің макроэкономикасына жалақының ең төменгі мөлшерін арттырудың әсерін бағалауға байланысты зерделеу жүргізуде және оның нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті шаралар қабылданатын болады», - деді Асқар Мамин.
- Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісінде жабайы түлкі видеоға түсірілді
- Алматыда әйелдер аллеясы ашылып, 200 көшет отырғызылды
- Қытай «Бір белдеу – бір жол» бастамасының әріптес елдеріне жаңа мүмкіндік ұсынады - ҚХР СІМ басшысы
- ШҚО-да нәзік жандылар Қарулы Күштер қатарында жемісті еңбек етіп жүр
-
Хатшылықтан тергеушіге айналу үшін үнемі ізденіс үстінде болдым – полиция майоры Ольга Омарова
-
Әсем Мәуітқазы үйінде 10 мың түпке жуық қызғалдақ өсіріп отыр - ШҚО
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам