Ең төменгі күнкөріс деңгейі қарашада 26 108 теңге болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қараша айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 108 теңгені құрады. Бұл өткен айдағыдан 8,8% аз (қазан айында - 28 620 теңге), деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Негізгі азық-түлік өнімдерінің ең аз нормалары бойынша есептелген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің жан басына шаққандағы орташа мөлшері биылғы қараша айында 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2%, былтырғы қарашамен салыстырғанда 12% артқан.

Өткен айда ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында: ет пен балыққа шығындардың - 20,6%, сүт, май өнімдері және жұмыртқаға - 16,3%, көкөністер мен жемістерге - 8,2%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне - 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерге - 2,3% жұмсалған.

Соңғы жаңалықтар