Ең төменгі күнкөріс деңгейі: Азық-түлік тізімі 43-тен 51 атауға дейін арттырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда азық-түлік тұтыну мөлшерінің тәуліктік қуаттылығын 2 175 ккал-дан 2 330 ккал-ға дейін көтеру мәселесін қарастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттардың бірі болып табылады. Халықаралық және ұлттық сарапшыларды тарту арқылы жүргізілген зерттеу нәтижесінде ЕТКД есептеу әдістемесін жетілдіру бойынша шараларды екі кезеңмен жүзеге асыру қарастырылды.

Біріншіден, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТКД-нің құрылымы қайта қаралып, азық-түлік емес тауарларының үлесі 40 пайыздан 45 пайызға дейін өсті. Нәтижесінде ЕТКД мөлшері 2017 жылмен салыстырғанда (24 459 теңгеден 28 284 теңгеге дейін) ұлғайды және 3 млн астам азаматтың кірісіне оң әсер етті. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қосымша 386 млдр теңге бөлінді», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының атап өтуінше, 2020 жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ЕТКД мөлшері 10 пайызға немесе 29 698 теңгеден 32 668 теңгеге дейін көтерілді. Сәйкесінше, ЕТКД мөлшерімен есептелген әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғайтылды. Осы мақсатқа қосымша 140 млрд теңге жұмсалды.

«Екіншіден, соңғы жылдары халықтың азық-түлік өнімдерін тұтынуында болған өзгерістер, елдің азық-түлік нарығының ерекшеліктері және Қазақ тамақтану академиясының ұсыныстары ескеріле отырып, азық-түлік тауарларының тізімін 43-тен 51 атауға дейін арттыру, азық-түлік тұтыну мөлшерінің тәуліктік қуаттылығын 2 175 ккал-дан 2 330 ккал-ға дейін көтеру мәселесін қарастыру жоспарланып отыр. ЕТКД-нің мөлшерін мемлекеттің базалық әлеуметтік төлемдерін есептеудің негізі ретінде, тұтыну себетінің нақты құнын көрсете отырып, тұрақты негізде қайта қарау Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылады», - деді ҚР Премьер-Министрі.


Соңғы жаңалықтар