Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Ең төмен жалақыны ауыл шаруашылығындағы мамандар алады

2022 жылғы 21 маусым 13:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың көбі еңбек өнімділігі төмен салаларда қызмет етіп жүр. Мұндай мәліметті ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда жұмыспен қамтылған халықтың көбі ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету сияқты өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейді. Мұны елде еңбек өнімділігі төмен, айлық аз төлеуге болатын жұмыс орындары ашылып жатқанымен байланыстыруға болады», - деп жазды Үкімет басшысы өз жауабында.

Оның айтуынша, елдің экономикасындағы еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 8,2 млн теңге болып отыр. Бірақ ауыл шаруашылығында бұл көрсеткіш 3,3 млн теңге, қызмет көрсету саласында 6,8 млн теңге болып тұр. Ал қайта өңдеу саласында 1 адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 19,5 млн теңгеге жеткен.

«Айлықтың төмен болуына жұмыс күшінің біліктілігі төмен болуы әсер етуде. Осыған байланысты жұмыс күшінің өнімділік қабілетін арттыру шаралары іске асырылады. Ал ол үшін өнімділігі жоғары жұмыс орындарын көптеп ашып, өңдеуші саланы жаңа технологияларды игеруге ынталандыру қажет. Оның әсерінен бірнеше тізбекке созылып, бірнеше саланы қатар дамытады. Соның арқасында аралас салалар дамып, импорт алмастыру, өндірісті цифрландыру және автоматтандыру шаралары жеделдейді», - дейді Әлихан Смайылов.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстан отбасылары табыстарының 50 пайызын азық-түлікке, оның ішінде 46 пайызын тамақ сатып алуға жұмсайды.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары