Ең өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары ұсынылды – ПІБ Медорталығының Ақтөбедегі күндері

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Іс Басқармасына қарасты Медициналық орталықтың Ақтөбе қаласындағы күндері аясында медицинаның ең өзекті мәселелері талқыланып, оны шешу жолдары ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға Астана, Алматы қалаларынан келген білікті дәрігерлер қатысты. Үш күн қатарынан өткен медициналық тур аясында Президенттік клиника дәрігерлері 70-ке жуық консультациялық қабылдау жүргізіп, 14 науқасқа операция жасады. Қазіргі таңдағы медицинаның ең өзекті мәселелері талқыланып, оны шешудің жолдары ұсынылды.

Турдың басты артықшылығы мамандардың қызметін кешенді ұйымдастыруында болды. Демек, іс-шара барысында тұрғындар стационар дәрігерінің ғана емес, диагностикалық бөлім мамандырының да қызметіне жүгініп, кеңес алды. Атап айтар болсақ, аллергология орталығының басшысы, бас аллерголог-иммунолог Г. Тусупбекова, кардиохирург А. Тойбаев, онколог Н. Шаназаров науқастарды қабылдады. Ал, нейрохирург М. Бердіходжаев пен аритмолог Р. Камиев консультациялық көмекпен қоса, 10-ға жуық операция жасады. Клиниканың бас генетигі Гүлшара Абильдинова жергілікті мамандардың қатысуымен шеберлік сағатын өткізді.


Фото: ҚР ПІБ Медициналық орталығы


Соңғы жаңалықтар