Ең көп жалақы қай өңірде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 345,2 мың теңге көлеміндегі ең жоғары жалақыны Атырау облысының тұрғындары алады. Ал ең төменгі еңбекақы Түркістан облысында – 138,1 мың теңге. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

2019 жылғы IV тоқсанда Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 203883 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2018 жылғы тиісті тоқсанына 115,8%, ал нақты жалақы индексі 109,9% құрды.

Ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында белгіленді – 428,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге көп). Одан кейінгі орында қаржы және сақтандыру қызметі саласы тұр - 402,5 мың теңге (2,0 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 373,4 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында 278,0 мың теңге (1,4 есеге асты) жалақы алады.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 127,3 мың теңге. Бұл, республика бойынша орта көрсеткіштен 37,6% төмен.

Өңірлер бойынша ең көп еңбекақыны Атырау облысының тұрғындары алады – 345,2 мың теңге. Бұл, орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге жоғары. Ең төменгі табыс Түркістан облысында, оның көлем 138,1 мың теңгені құрады. Бұл, ел бойынша орташа деңгейден 32,3% төмен.

Ақмола облысында 156,4 мың теңге, Ақтөбе облысында 169,8 мың теңге, Алматы облысында 150,5 мың теңге, Батыс Қазақстан облысында 201,9 мың теңге, Жамбыл облысында 139,9 мың теңге, Қарағанды облысында 189,4 мың теңге, Қостанай облысында 161,6 мың теңге, Қызылорда облысында 159,4 мың теңге, Маңғыстау облысында 309,1 мың теңге, Павлодар облысында 177,4 мың теңге, Солтүстік Қазақстан облысында 141 мың теңге, Шығыс Қазақстан облысында 183 мың теңге, Нұр-Сұлтан қаласында 308,1 мың теңге, Алматы қаласында 248,6 мың теңге және Шымкент қаласында 152,5 мың теңгені құрайды.


Соңғы жаңалықтар