Ең қауіпті сарқырамаға секірген экстремалдың видеосы елді сүйсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Британиялық экстремал Мэтти Харпер елдегі ең қуатты Хай Форс сарқырамасынан үш сальтомен секірді. Youtube-те тараған видео желі қолданушыларын сүйсіндірді. 

Lad Bible басылымының хабарлауынша, Харпер ешқандай жарақат алмаған. Бірақ 14 жасынан бері спорттың экстремалдық түрлерімен айналысатын тәжірибелі ол ешкімге мұндай трюк жасауды кеңес бермейтінін жеткізген.

Хай Форс - Британ архипелагындағы ең қуатты сарқырама. Пеннин тауларының солтүстік-батысын аралай аққан Тис өзені 21 метр биіктен Тисдейл аңғарына құлдилай құлайды. Спортшының айтуынша, суы мол өзеннің асау сарқырамасы мұндай трюктерді жасау өте қауіпті.

Соңғы жаңалықтар