Ең ірі криптовалюта биткоин 10%-дан аса қымбаттады

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Биткоин криптовалютасының құны 9,8%-ға немесе 3 492,71 долларға өсіп, өткен жексенбіде 39 035,47 долларға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ең ірі электронды валюта биткоин осы жылдың 4 қаңтарымен салыстырғанда 40,7%-ға қымбаттаған. Ол кезде биткоин құны 27 734 доллар болған.

Ethereum – әлемдегі екінші ірі криптовалюта. Ол 7%-ға немесе 165,77 долларға өсіп, жексенбі күні 2 532,77 долларға сатылған.

«Tesla Inc» компаниясының басшысы Илон Маск жексенбі күні өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жаңартылатын энергия көздерінің үлесі биткоинды «өндіру» кезінде дәстүрлі жолмен өндірілген энергия үлесінен асқан жағдайда, биткоинды қолданудың қайта жанданатыны туралы хабарлады.

Қазіргі кезде Tesla өз тауарларын сату кезінде биткоинды қабылдауды тоқтатқан. Бұл өз кезегінде Илон Масктың криптовалюта «өндіретін» компьютерлердің көп энергия жұмсайтыны туралы алаңдаушылығын тудырды.

Авторы: Әділет Сейілханов


Соңғы жаңалықтар