Ең инновациялық оқушылар, студенттер, стартаперлер, БАҚ және аймақ анықталады - ҚР ИДМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 17 маусымы мен 17қыркүйегі аралығында Ұлттық инновациялық конкурсқа өтініштер қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР ИДМ ресми сайтына сілтеме жасап.

7 маусымда ҚР ИДМ Медиа-орталығында өткен брифингте Технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Несіпгүл Есенбаева мен «ТДҰА» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сәбденов конкурстың басталғандығын жария етті.

 Аталмыш шараны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Технологиялық және инновациялық даму департаментінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өткізеді.

Конкурс инновациялық және технологиялық дамуға сұранысты арттыруға, халықтың инновациялық белсенділігін ынталандыруға, инновациялық қызметті насихаттауға, технологиялық кәсіпкерлік пен командалық жұмыстарды дамытуға, технологиялық кәсіпкерлікті жүргізудегі құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ, ғылым мен инновациялар тақырыбында жазатын журналистер қоғамдастығын қалыптастыруға, осы тақырыпты насихаттауға және инновациялық процестерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау сапасын арттыруға бағытталған.

Конкурстың жалпы жүлде қоры 28 699 000 теңге.

Конкурс бес номинация бойынша өтеді: жоғары сынып мектеп оқушылары, студенттер, стартаперлер, журналистер және аймақтар арасында ұйымдастырылады.

Биыл мектеп оқушылары, студенттер, стартаперлер арасындағы бәсекелестік технологиялық кәсіпкерліктің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Бұл номинацияларға қатысу үшін команда құру керек және бизнес-жоспар мен топ мүшелері рөлінің сипаттамасы арқылы әлеуметтік маңызды тапсырманың технологиялық шешімінің  бейне-таныстырылымын дайындау қажет.

Аталған номинациялар бойынша жеңімпаздар инновациялық саладағы жетекші елдердің бірінде технологиялық кәсіпкерлік бойынша оқу курсынан өтуге мүмкіндік алады. Екінші және үшінші орын алғандар қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады.

Журналистер арасындағы конкурсқа қатысу үшін 2017 жылдың 1 қазанынан бастап 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін республикалық немесе аймақтық БАҚ беттерінде инновациялық тақырыптар бойынша жарияланған материалдарды ұсыну қажет.

Байқауға БАҚ барлық түрлері қатыса алады. Бұл санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қомақты ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Мектеп оқушылары, студенттер, стартаперлер мен журналистер арасында номинациялар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қоғам қайраткерлері, депутаттар, инновациялық сарапшылар, БАҚ жетекшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері және т.б кіретін тәуелсіз сараптамалық комиссия анықтайды.

Ең инновациялық аймақ 2017 жылғы инновациялар туралы статистикалық деректердің қорытындысы бойынша анықталады.

Конкурсқа қатысу шарттары мен өтінім беру мүмкіндігі туралы толық ақпарат конкурстың ресми бетінде - https://natd.gov.kz/activity/nic/ сайтында көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар