Ең ауыр жол апаттары қала сыртындағы трассаларда болады – министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында қала сыртындағы трассаларда жол қауіпсіздігін сақтау мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең ауыр апаттар қала сыртындағы трассаларда болады. Онда қаза болу фактілері 69%-ды құрайды. Жамбыл (91%), Солтүстік Қазақстан (88%), Жетісу (86%), Алматы (83%), Атырау (81%), Ақмола (80%), Түркістан (72%), Павлодар (70%), Қызылорда (70%) облыстарында бұл көрсеткіш одан да жоғары», - деді Марат Ахметжанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Жамбыл облысынан өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай», «Алматы – Ташкент», Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан өтетін «Орал-Атырау» автожолдарындағы жалпы жағдай қиын. Осы облыстардағы қаза болу фактілерінің 64%-ы дәл осы учаскілерде орын алған. Негізгі себептер – қарсы жүріс бағытына шығу және жылдамдықты арттыру.

«Мысалы жаз мезгілінде «Алматы-Екатеринбург» автожолының Жамбыл мен Қарағанды шекарасындағы учаскесінде апаттан 21 адам қаза тапты. Тек өткен демалыс күндері 70-тен астам оқиға тіркеліп, 21 адам қаза тауып, 84 адам жарақат алды.

Қала сыртындағы жолдардың қауіпсіздігіне – жол бойындағы инфрақұрылым әсер етеді. Өкінішке орай, жол бойында кэмпингтер, демалыс орындары, тамақтану пункттері көбінесе жоқ. Осыған байланысты, жүргізушілер көлікті ұйқысыз және демалыссыз басқаруға мәжбүр. Осылайша, олар өзін де, өзгені де қауіпке тігеді», - деді Марат Ахметжанов.


Фото: t.me/KZgovernment



Соңғы жаңалықтар