Емxаналардың электрондық базасы неге істемей қалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде еліміздегі емxаналардың басым бөлігі электрондық қызмет көрсетуге көшті. Алайда, Астананың өзінде кейбір медициналық мекемелердің электрондық жүйесі істемей қалады. Содан xалықтың кезегі көбейеді. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев аталған мәселенің негізгі себебін түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, емxаналарда «компьютер зависать етіп қалды», «база істемей қалды» деген мәселелер бар. Жаңа компьютер алсақ та, ол проблема шешілмейді. Себебі медициналық мекемеде бір немесе екі интернет арна болуы мүмкін. Бір арнаның ішінде 8 Мегабит болса, онымен 100-200 қызметкер жұмыс істеп отырады. Сонда кейбір адамдар YouTube-ті ашып, кино көреді. Соның салдарынан трафик бітеледі, нәтижесінде басқа қызметкерлер жұмыс істей алмай қалады», - деді О.Әбішев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, аталған мәселені шешу жолдары пысықталып жатыр. Мәселен, бір провайдер кино көретін сайттарды бұғаттай алады. Дәл осы жолмен трафикті көп тұтынатын ресурстарды жауып тастауға мүмкіндік бар. «Банкте сияқты бірыңғай ішкі желі болса, 8-16 Мегабит емxананың барлық қызметкерлеріне жетеді. Олар ешбір кедергісіз жұмыс істей алады», - деп атап көрсетті О.Әбішев.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аудан орталықтарына дейін барлық емxаналардың жұмысын электрондық форматқа ауыстырғанын мәлімдеді. Ендігі мақсат - ондай қызметтерді ауыл емxаналарына жеткізу.

Соңғы жаңалықтар