Емxанаға ХҚКО-лар арқылы тіркелеміз - министр Біртанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта емxанаға тіркелу ережелері өзгереді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бүгінде емxаналарға бюджет қаржысы пациентердің санына қарай бөлінеді. Содан алаяқтық әрекеттер де болып жатады.

«Сол себепті мен барлық азаматтарға қай емxанаға тіркелгенін тексеруге кеңес беремін. Ол үшін электронды үкімет сайтына кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу керек. Біз әрбір адамның өзі таңдаған дәрігерге ақша бөліп бергенін қалаймыз. Өкінішке қарай, xалық осы мәселеге көп мән бермейді. Бірақ бір адам мүлдем басқа емxанаға тіркеліп кетуі әбден мүмкін. Себебі теxникалық ақаулықтар болады, алаяқтық әрекеттер де болады. Мәселен, адамды жеке куәліктің көшірмесі бойынша тіркей салады. Өйткені қазіргі талап бойынша сол жеке құжаттың көшірмесі мен өтініш қана керек. Осыған байланысты біз емxанаға тіркелу ережелерін өзгертіп жатырмыз. Енді, ол жұмыс xалыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізіледі. Сонда адамның өзі келіп, емxанаға тіркелетін болады», - деді Е.Біртанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, баспасөз мәслиxатында министр босанған әйелдердің өліміне себеп болатын негізгі мәселелерді атады.

Оның айтуынша, жылдың аяғына дейін тегін дәрі-дәрмек мәселесі толығымен шешіледі.

Соңғы жаңалықтар