Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.14 EUR 429.42
RUB 5.68 CNY 55.56
Jańalyqtar

Емші «жынын шығармақ» болған жас жігіт қайтыс болды – Алматы облысы

2019 жылғы 14 қаңтар 18:02 1932
Бөлісіңіз:
 Емші «жынын шығармақ» болған жас жігіт қайтыс болды – Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полициясы халық емшісін 28 жастағы азаматтың өліміне күдікті ретінде қамауға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда автобус мектептің қоршауына соғылды ШҚО тұрғындары мал ұрлығына алаңдаулы

Кісі өлімі туралы факт 12 қаңтарда Қарасай ауданында тіркелген. Сот-медициналық сараптама барысында 28 жастағы азаматтың кеуде тұсынан қатты жабық жарақат алғаны, бірнеше қабырғаларының сынғаны және өкпесінің зақымданғаны анықталған. Осы ауыр жарақаттар кісі өліміне себеп болуы мүмкін.

Аталған факті бойынша іс қозғаған полиция кісі өліміне күдікті ретінде жергілікті емшіні ұстады.

«Марқұмның туыстары тарапынан полицияға ресми арыз әлі түскен жоқ. Дегенмен, оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 3 бөлімі, 106 бабы бойынша (Кісі өліміне әкеп соғатын денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ретінде дәстүрлі емес медицинамен айналысатын 63 жастағы азамат ұсталды», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз баянында.

Белгілі болғанындай, марқұмды емшіге туыстары әкелген. Олар жас жігіттің ішінде жын бар деп ойлаған. Марқұм болған жігіт соңғы үш жылдан бері науқас екен.

Емші жігіттің бойынан жынды шығарамын деп бес күн бойы «емдеген». Осының салдары кісі өліміне соқтырған болуы мүмкін.

«Сотқа дейінгі тергеумен Қарасай аудандық полиция қызметкерлері айналысуда. Ұсталған емші қазір уақытша оқшаулау изоляторында қамалды», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT