Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты президент болып сайлануымен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күн тәртібін талқыламастан бұрын, құрметті Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтаймын. Оған зор денсаулық, жауапты лауазымда үлкен табыс тілеймін», - деді Эмомали Рахмон Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі саммитінің ашылуында.

Сонымен бірге, ол кеңестің жаңа мүшесі атанған Шри-Ланка мемлекетін құттықтады.

Айта кетейік, Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің V саммиті өтіп жатыр. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Соңғы жаңалықтар