Эмманюэль Макрон зейнетақы реформасына байланысты мәлімдеме жасады

None
Фото: tellerreport.com
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Франция үкіметі жақын арада еңбекақы төлеу шарттарын жақсартуға, білім беру, денсаулық сақтау және әділет жүйелерін жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеуге кіріседі. Бұл туралы президент Эммануэль Макрон телеарналарда сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Франция президенті Э.Макрон еңбек жағдайын жақсарту үшін кәсіподақтармен жаңа келіссөздер бастауға уәде берді.
Кәсіподақтар зейнет жасын екі жылға, яғни 64 жасқа дейін көтеруге қарсылық танытып, зейнетақы реформасынан бас тартпай, үкіметпен келіссөздерді қайта жалғастырмайтындарын мәлімдеген. Алайда Э.Макрон барлығының зейнетақысына кепілдік беру үшін реформалар қажет екенін алға тартты. Ол Францияның Конституциялық соты зейнеткерлік жасты көтеру реформасын бекіткеннен кейін зейнетақы заңына қол қойды.

Дегенмен, үш айға созылған наразылықтар мен ереуілдерден кейін солшылдар мен кәсіподақтар берілмеуге уәде беріп, 1 мамырда Еңбек күніне арналған жаппай наразылық шаралары өтетінін ескертті. Франция премьер-министрі Элизабет Борн үкімет әуелі зейнетақы реформасынан кейін басқа реформаларды жалғастырады деп уәде берді.«Біз реформалардың қарқынын жеделдетуге бел будық», - деді ол.1 мамырдағы шерулер қарсаңында француз теміржолшылар кәсіподақтары 20 сәуірді «Теміржол қаһарының күні» деп атауға шақырды.
Соңғы жаңалықтар